Использовать приложение Продолжить в браузере
boxy_www_home_hot_news_text
Жиі қойылатын сұрақтар
Тіркелу кезінде Сіз АҚШ және Англиядағы жеке мекен-жайларды аласыз. Оларды онлайн-дүкендерден сатып алу кезінде пайдалануға болады. «Менің мекен-жайларым» бетінде Сізге берілген мекен-жайды көре аласыз. Осы жерден тіркелуге болады.
Иә. Сіз тіркелуді растау туралы хатты алғаннан кейін біздің қызметтерді пайдалануды бастай аласыз.
Пернетақтаның регистрін (бас немесе кіші әріптер) және интернет қосылуды тексеріңіз. Егер бәрі бір парақшаға өте алмасаңыз, +7 700 530 8888 нөмірі бойынша біздің мамандарға хабарласыңыз.
Иә, Сіз өзге дүкендерден сауда жасай аласыз. Тауардың ақысын төлей отырып, жеткізу мекен жайы ретінде өзіңіздің жеке Boxy-мекен жайыңызды көрсетіңіз. Біз жөнелтілімді алып, оны Сізге жібереміз.
Қазақстан аумағындағы бағалар мен ресми дүкендердегі бағалардың арасындағы айырмашылық айтарлықтай үлкен. Бағалар тіпті 5 есеге дейін көбейтілуі мүмкін. Сонымен қатар шетелдік сайттарда көрсетілген жеңілдіктер қандай да бір қосымша шарттарсыз үнемі өзекті болып табылады. АҚШ және Англияда «Қара жұма» және «Кибердүйсенбі» сияқты тауарларға айтарлықтай, тіпті алғашқы құнынан 95%-ға дейінгі орасан зор жеңілдіктер болатын арнайы акциялық күндер болады. Сіз АҚШ және Англиядан алынған тауардың сапасына әрқашан сенімді бола аласыз, бұл өз кезегінде Сіздің қаражатыңызды айтарлықтай үнемдейді. Сонымен қатар көпшілік жағдайда сатушылар тауарды тым үлкен қораптарға салады, бұл халықарпалық тасымалдаудың бағасының жоғары болуына алып келеді. Біз сатып алынған затты тегін қайта қаптаймыз, бұл жөнелтілімнің көлемін азайтып, сәйкесінше жеткізу құны да азаяды. Boxy.kz –ті таңдай отырып Сіз өз қаражатыңыз бен өз уақытыңызды үнемдейсіз.
Өлшемді дұрыс анықтау үшін тапсырыс беретін дүкеннің өлшемдер межелігін пайдаланыңыз. Кейде дүкендерде өлшемдер қатарының айырмашылықтары болады. Келесі сілтемелер бойынша Сіз өлшеу үшін пайдалы құралдарды таба аласыз: Online Conversion Men, Online Conversion Women, Online Conversion Shoes.
Тіркелгеннен кейін Сіз Boxy.kz пайдалануды бастай аласыз немесе клиенттерді қолдау орталығына дс-жс 10:00-ден 20:00-ге дейін хабарласыңыз, біз Сізге көмек көрсетуге қуанышты боламыз.
Жеткізудің құны тапсырыстың нақты құнына байланысты есептеледі. 1 кг үшін жеткізу құны - 100 грамм дөңгелектеу қадамымен $9.
01.10.2024 бастап егер 1 алушының бір жөнелтілімінің құны 200 еуродан аз болатын болса, ал жалпы сомасы 31 кг аспаса, кедендік рәсімдеу кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден босатумен жүргізіледі. Егер құны бойынша шектеуден асып кетсе, асып кеткен бөлігі 15% мөлшерінде алым ретінде өндіріледі. Салмақ бойынша шектеуден асып кеткен жағдайда әрбір асып кеткен 1кг үшін 2 еуро төленеді. Егер құны мен салмағы бойынша асып кетсе, екі көрсеткіштің көбірегінің сомасы төленеді.
Халықаралық тасымалдауға тыйым салынған тауарлардың тізімі бар. Тізіммен осы жерден танысуға болады.
Сіз тапсырыс беретін тауарлардың саны комиссиямен анықталады. Толығырақ сілтемесі бойынша оқып шығыңыз - кедендік реттеудің 339 бабы 4 тармағы.
Иә, Сіз Жеткізу орталығынан үйге жеткізуге тапсырыс беру арқылы Қазақстанның кез келген өңірінде тапсырыстарды ала аласыз. Сіз оны беру орны ретінде мұнда таңдай аласыз. Өтінеміз, назар аударыңыз, сәлемдемені беру пунктін "Елде" мәртебесіне дейін өзгертуге болады.